![Ұлттық кітапханада төрт кітаптың тұсауы кесілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80616.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін бір топ айтыскер ақын мен ғалым-жазушылардың кітаптары қалың оқырманға жол тартты. Әрқайсысы 1000 данамен жарық көрген басылымдардың тұсаукесер рәсімі Астанадағы Ұлттық кітапханада өтті.
Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен басылып шыққан жинақтың бірі - «Айтыстану». Ол ұлттық өнерімізді зерттеп-зерделеген ғалымдардың ғылыми еңбектерінен құралса, «Ақын-жыраулар поэзиясы» жинағы XV-XVIII-ғасыр аралығындағы жыраулар поэзиясын қамтыған.
Аманжол Әлтай, айтыскер ақын:
Үшінші кітап «Аманжол-Сара» деп аталады. Әр кезеңдердегі менімен Сара екеуміздің айтысымыз жайындағы ғалымдардың айтқан пікірлерін топтастырып, осы кітапты ұсынып отырмыз.Төртінші кітап Серікзат Дүйсенғазының «Қарашығымда көшкен бұлт» атты поэзия жинағы.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық кітапханада төрт кітаптың тұсауы кесілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80063/)