![Астанада Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың кеңсесі ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_32081.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың кеңсесі ашылды. Бұл 20 жылдан бері әлем елдеріндегі ғылыми-зерттеу жобаларын қаржыландырып келе жатқан жетекші ұйымдардың бірі.
Бүгінге дейін орталық денсаулық сақтау, энергетика, физика, авиация салаларындағы 3 мыңдай ғылыми жобаны қаржыландырыпты. Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа мүше болған жылдар ішінде қазақстандық 184 жобаға 66 миллион доллар қаржы бөлінген.
Орталық кеңсесінің Астанадан ашылуы - байланысты одан әрі арттырмақ. Халықаралық ұйым басшылары қазірдің өзінде Назарбаев университетіндегі бірнеше ғылыми жобаны қаржыландыруға ниет білдіріп отыр.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың кеңсесі ашылды
&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80101/)