![«IPhO-2014» халықаралық олимпиадасының екінші кезеңі өтуде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80655.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада « IPhO-2014» халықаралық олимпиадасының екінші кезеңі өтуде. Оған әлемнің 83 мемлекетінен келген 379 оқушы қатысуда. Олар 15-ші шілде күні физика пәнінен теория бойынша тест тапсырған болатын.
Ал, бүгін оқушыларға тәжірибелік кезең бойынша бақтарын сынауда. Ұйымдастырушылардың айтуынша тапсырмаларды орындау үшін оқушыларға 5 сағат берілген.
Олимпиаданың жабылу салтанаты мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 20-шы шілде күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.
Гүлия Нұрбақова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті:
Жинақталған тапсырмалардың бір ерекшелігі - физиканың қиын салаларының бірі саналатын оптика бөліміне арналған. Қызықты тәжірибелік жұмыстар жасауға болады.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«IPhO-2014» халықаралық олимпиадасының екінші кезеңі өтуде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80167/)