![Шығыс Қазақстан облысында бір топ бала мемлекеттік тілді лагерьде меңгеруде](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80667.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шығыс Қазақстан облысында бір топ бала мемлекеттік тілді жаздық лагерьде меңгеруде. Олар - жексенбілік мектептерде қазақ тілін оқып жүрген өзге ұлт жастары.
Облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарма жаз уақытында балаларды тілдік лагерьге жіберуді дәстүрге айналдырған.
Басты мақсат - елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттырып, қазақ тілін үйрету.
Биыл бұл лагерьге 7 және одан да жоғары жастағы 15 балаға тегін жолдама берілген. Олар Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан лагерьде 10 күн тынығады.
Надежда Шушаникова, қазақ тілін оқыту орталығының оқытушысы:
Сабағымыз еркін, ойын түрінде өтеді. Мұндай сабақтың тиімділігі, біріншіден, балалар өзін еркін сезінеді. Екіншіден, мектептегі сабаққа қарағанда, нәтижесі жақсы.
Берік КӨШЕРБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыс Қазақстан облысында бір топ бала мемлекеттік тілді лагерьде меңгеруде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80182/)