![Мұғалімдер мен тәрбиешілер Астанада бас қосты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80670.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мұғалімдер мен тәрбиешілер Астанада бас қосты. «Отбасылық құндылығы институты» мамандарының ұйымдастыруымен өткізілген шараға еліміздің әр облысанан ұстаздар келді.
Мамандар жылына 4 рет бас қосып, отбасы құндылығы, бала тәрбиесі, ата-ана қарым-қатынасы туралы кеңінен талқылайды. Екі апта бойы түрлі жиындар, дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтерге қатысады.
Бастауыш сынып оқытушылары мен балабақша тәрбиешілері өз пікірлерімен бөлісіп, тәжірибе алмасады.
Конференцияға шетелден арнайы профессор мамандар шақырылған. Әр басқосу сайын түрлі идеялар айтылып, ұсыныс-пікірлер қабылданатын жиынның берері мол, дейді қатысушылар.
Зухра Жұмағазиева, мұғалім:
Мұндай жиындардың бізге берер тәжірибесі мол, деп есептейміз. Жылына 4 рет ұйымдастырылатын шарадан оқушыларға отбасы туралы көптеген мағлұмат жеткіземіз. Мұнда келудегі негізгі мақсатымыз - тәжірибе алу.
Руслан ЖЫЛҚЫБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мұғалімдер мен тәрбиешілер Астанада бас қосты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80185/)