![Шымкентте «Мектепке жол» акциясы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80685.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерге бүгін шымкенттік шенеуніктер мен кәсіпкерлер қолдау көрсетті.
«Мектепке жол» акциясы аясында 250-ге тарта балаға киім-кешектер мен оқу құралдарын табыстады.
Қазір қалада 24 мыңнан аса жеткіншек әлеуметтік көмекке зәру ретінде есепте тұр.
Биыл 10-қыркүйекке дейін тағы 6 мыңнан астам балаға қайырымдылық жасалмақ.
Гүлмира ОҢЛАСБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте «Мектепке жол» акциясы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80200/)