![Қостанайлық ұстаздар жаңа оқу жылын «Отбасы жылы» деп жариялады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80694.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қостанайда ұстаздардың Тамыз конференциясы өтті. 500-ден астам мектеп мұғалімі бас қосқан жиында жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері айқындалды.
Биыл қостанайлық мұғалімдер жаңа оқу жылын «Отбасы жылы» деп жариялады. Осыған орай, мектеп ұжымдарына отбасылармен тығыз байланыс орнату, бала тәрбиесінде ата-аналардың ықпалын арттыру тәрізді бірқатар міндеттер қойылды.
Қаладағы білім ошақтары жаңа оқу жылында қатарларына 70-тен астам жас маманды қабылдайды.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанайлық ұстаздар жаңа оқу жылын «Отбасы жылы» деп жариялады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80209/)