![Жетісулық өнертапқыш жастар жеміс-жидек турайтын қондырғы ойлап тапты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80700.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жетісулық өнертапқыш жастар жеміс-жидек турайтын және кептіретін қондырғы ойлап тапты.
«Олардың инновациялық жобасын өңірдегі ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге қолдануға әбден болады», дейді мамандар.
Талдықорған политехникалық колледжінің студенттері былтыр облыстық инновациялық жобалар байқауына қатысып, 2 миллион теңгеден асатын грант ұтып алған болатын.
Жоба шағын болса да, тәулігіне 600 келі алма кептіріледі. Ал, жеміс-жидек турайтын бұл қондырғыны көкөніс турауға да пайдалануға болады.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жетісулық өнертапқыш жастар жеміс-жидек турайтын қондырғы ойлап тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80215/)