Астанада жаңа мектептер мен балабақшалар құрылысы үшін көпдеңгейлі жобалар қайта дайындалды. Бұл арқылы сапасыз жобаланған әлеуметтік нысандардың мәселесі шешіледі.
Қалалық Құрылыс басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Ержас Айтуғанов мәслихат отырысында осылай, деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта жобалау мекемесі қаладағы 10 балабақша мен 7 мектептің жобасын дайындап шыққан.
«Аталмыш жобалар мемлекеттік сараптама бойынша мақұлданды. Құрылысты іске асыру келесі жылға жоспарланған»,- деді ол.