![Бүгін Астанадағы қалалық кітапханада балалар оқу залы ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80724.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Білім күніне орайластырылған «Бүгінгі бала - білімді бала» атты шара өтті. Шара аясында «Шаңырақ» балалар оқу залы салтанатты түрде ашылды. Зал үш аймақтан тұрады: бірінші – шығармашылық аймақ, екінші – демалыс және үшінші – ақпарат аймақтары.
Мамандар оқушылармен арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Оған үйірмелер жұмысы, кітап оқу, қызықты жандармен кездесу, «ҚР ҰАК оқырмандарына» арналған мерекелер ұйымдастыру және үй тапсырмаларын орындау жатады. Оқу залына 3-16 жастағы балалар мен жасөспірімдер кіре алады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Астанадағы қалалық кітапханада балалар оқу залы ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80239/)