![Өскемендегі тұңғыш қазақ гимназиясы – облыстың ең үздік мектебі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80754.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Өскемен қаласындағы № 3 мектеп-гимназия Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең үздік орта білім беру ұжымы атанды.
Жалпы, биылғы оқу маусымында Шығыс өңірінде барлығы 687 мектеп шәкірттерге есігін айқара ашты. Олардың 6-ы жаңадан салынған.
Бұл – 25 жыл бұрын ашылған Өскемен қаласындағы тұңғыш қазақ мектебі.
Қазір мұндағы 1500-ден астам оқушының жартысынан көбі бастауыш сыныпта оқиды.
Биыл бұл мектептің табалдырығын 200-ге жуық бала алғаш рет аттап, жеті 1-ші сынып ашылды.
Берік КӨШЕРБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскемендегі тұңғыш қазақ гимназиясы – облыстың ең үздік мектебі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80269/)