![Ата-аналарға психологиялық көмек көрсетіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80780.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ертең ел аумағындағы барлық мектептерде 1-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиын өтпек. Оған 170 мыңдай ата-ана қатысады. Баласы мектеп табалдырығын алғаш аттаған отбасы қандай қиындықтарға тап болуда? Одан шығудың жолы қандай? 250 психолог маман сан сауалдың жауабын табуға көмектеседі.
Ата-аналарды сөмке салмағы алаңдатады, дейді мамандар. Біздегі бастауыш сыныпта оқытылатын пәндер тым көп. Мәселен, Еуропа елдерінде 1-сыныпта небәрі 4 пән оқытылса, бізде 15-тен асады. Оқу бағдарламасы онсыз да қиын оқушыға кей ата-ана қосымша міндет жүктейді.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ата-аналарға психологиялық көмек көрсетіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80295/)