![Жастар мәселесі Үкіметте қаралды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80795.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жастардың өз мамандығы бойынша жұмысқа тұру мәселесі бүгін Үкімет отырысында қаралды.
Бұдан былай жоғары оқу орындарының студенттері 2-ші курстан бастап міндетті түрде өндірістік тәжірибеден өтеді.
Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев мәлімдеді.
Сондай-ақ мектеп бітіріп, оқу оқымай жүрген жастардың мәселесі де назардан тыс қалмайды.
Такир Балықбаев, Білім және ғылым вице-министрі:
Бүгінгі таңда 11-ші сынып түлектерінің 25-30 мыңы жоғары оқу орнымен де, колледжбен де қамтылмаған. Сондықтан Елбасының тапсырмасы бойынша мұндай балаларға кепілденген алғашқы техникалық білім беріледі. Бұл жоспар 2019 жылдан бастап толық игеріледі.
Индира БЕГАЙДАР
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жастар мәселесі Үкіметте қаралды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80310/)