![Ақтөбеде үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80912.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жаңа ғимараттың құрылысына республикалық бюджеттен 785 миллион теңге бөлінген. Өңірде үш ауысымда білім беретін мектептердің мәселесі 2016 жылы толығымен шешілмекші.
Жаңа мектеп халық тығыз қоныстанған 12-ші шағын ауданда орналасқан. Аумағы 9 200 шаршы метр болатын нысан қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған. Білім мекемесіне бұрын үш ауысымда білім беріп келген №51 гимназия мен номері №43 негізгі мектептің оқушылары ауыстырылды. Қазірдің өзінде 1 100 балаға білім беруде.
Өңірде соңғы 2 жылда 3400 орынға арналған 18 заманауи мектеп іске қосылды. Олардың 14-і апатты және үш ауысымды білім мекемелерін жою мақсатында салынған. Қазіргі таңда Ақтөбеде үш ауысымда білім беретін үш мектеп бар.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбеде үш ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80427/)