![2014 жылы білім және ғылым саласында жетістік аз емес](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80919.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда балабақшаға 673 700 бүлдіршін барса, мектептерде 2 545 600 бала білім алады, ал студенттердің саны – 524 мың.
Саладағы «Жыл жетістігі», «Жыл жаңалығы» деп айдар тағып айтуға болатын жайт – ол Байқоңыр мектептерінің Қазақстандық білім жүйесіне өтуі.
Биыл Алматыда «Сорбонна-Қазақстан» институты ашылды. Қазақстан мен Францияның ағарту саласындағы жобаның ашылуына екі ел Президенттері қатысты.
Сонымен қатар, Астанада физикадан 45-ші халықаралық олимпиада өтті. Оған 80-нен астам елден жас физиктер қатысты.
2015 жылда Білім және ғылым министрлігі алдында тұрған басты міндеттің бірі – үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешу.
Қазір елде үш ауысымдағы 92, апатты 189 мектеп бар. Мәселені шешуге қосымша 70 миллиард теңге бөлінді.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=2014 жылы білім және ғылым саласында жетістік аз емес&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80434/)