![ХІ халықаралық Жәутіков олимпиадасының бас жүлдесін қазақстандық өрендер еншіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80929.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қорытынды жиында 29 қатысушы алтын, 60-ы күміс және 87 олимпиадашы қола медальмен марапатталды.
Қазақстанның еншісінде – 4 алтын, 19 күміс, 28 қола медаль бар. Ал, жалпы командалық есепте бас жүлдені Жәутіков атындағы республикалық мектеп-интернаты иеленді.
1-ші орынды Ресейдің Мәскеу мемлекеттік университетінің мамандандырылған ғылыми оқу орталығының тобы алса, 2-ші орынды Армения мен Болгариядан келген командалар бөлісті.
Ал, Ресейдің Челябинск қаласының математиктері мен Грузия, Беларусьтан келген командалар 3-ші орынға тұрақтады.
Олимпиадада табысқа жеткен қазақстандық 50 жүлдегерге Назарбаев Университеті, Қазақ-Британ Техникалық Университеті мен Халықаралық ақпараттық технологиялар университеттерінің гранттары табыс етілді.
Жазира ИСАЕВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ХІ халықаралық Жәутіков олимпиадасының бас жүлдесін қазақстандық өрендер еншіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80444/)