![Астанада «Қазақстан – ежелгі мәдениеттер тоғысы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80952.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Тарихтың тұңғиығын таныту – ұлттың ұлы мұраты. Өз шежіресін ұлықтай білген өскелең ұрпақтың келешегі кемел. Астанада осындай мақсатты діттеген дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
«Қазақстан – ежелгі мәдениеттер тоғысы» деп аталған жиын «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» жаһандық жобасының аясында өтуде. Қазақ елінің бастамасымен жүзеге асқан шара Бірікен Ұлттар Ұйымы мен ЮНЕСКО-ның қолдауына ие болған.
Шараның мақсаты – Жер бетіндегі халықтардың түп тамыры бір екендігін көрсетіп, ежелгі тарихымыздан сыр шерту.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Қазақстан – ежелгі мәдениеттер тоғысы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80467/)