![Озат студенттерге шәкіртақы табысталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80954.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін «Тұран-Астана» университетінде оқуда озат студенттер ұлықталды. Оқу орнының 5 студентіне Кеңес одағының батыры, Халық қаһарманы, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров атындағы арнайы шәкіртақы табысталды.
Төрт жылдан бері игі дәстүрге айналған шәкіртақы тағайындау шарасы биыл бірінші-екінші курс студенттеріне бұйырды. Оларға бір реттік қаржылай шәкіртақыдан бөлек ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтың қолтаңбасы бар кітаптар табыс етілді. Салтанатты шараға университет ұжымы мен Парламент депутаттары қатысты.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Озат студенттерге шәкіртақы табысталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80469/)