![«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өз мәресіне жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_80996.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Аудандық, облыстық байқаудан жеңіп шыққан 171 жас талант республикалық олимпиадаға қатысуға жолдама алды. «Байқауды өткізудің басты мақсаты - мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту»,-дейді ұйымдастырушылар.
Талантты оқушылардың қабілетін шыңдайтын «Жарқын болашақ» республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасы төрт айға созылды. Тартысты сайыстың жеңімпаздары бүгін марапатталды.
Дүбірлі додаға қатысқан сайыпқырандар «Тілші-әдебиетшілер», «Сөз мәнері», «Әнші-бұлбұлдар», «Жас ғалымдар», «Жазушылар» аталымдары бойынша бақ сынасты.
Кеш соңында еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет етіп жүрген Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім беру басқармасының басшысы - Жаңыл Жонтаева, «Балапан» телеарнасының директоры - Ләйла Сұлтанқызы және «Қазақстан» Телерадиокоорпорациясының басқарма төрағасы - Нұржан Мұхамеджанова Фариза Оңғарсынова атындағы арнайы сыйлығымен марапатталды
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы өз мәресіне жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80511/)