![ІІ республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасы басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_81009.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ІІ республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасы басталды. Олимпиада – Қазақстанның әскери оқу орындарына түсетін үздік үміткерлерді анықтамақ. Сайыста еліміздің барлық аймағынан және Астана, Алматы қалаларынан келген 60-тан аса жас өрен бақ сынауда. Олар Республикалық әскери мектеп-интернаттарының, облыстық әскери мектептер мен еліміздің жалпы білім беру мекемелерінің түлектері. Үміткерлер екі күн бойы теориялық және практикалық білімдерін көрсетеді.
Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ІІ республикалық «Сардар» кешенді олимпиадасы басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80524/)