![Астанада «Болашақ» бағдарламасының жаңа ережелері таныстырылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_81020.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бұл туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов мәлімдеді.
Оның айтуынша биыл Үкімет қаулысымен бағдарламаның жаңа ережелері бекітілген.
Оған сәйкес құжаттарды қабылдау науқаны 13 сәуірден бастап, 1 қарашаға дейін жалғаспақ.
Талапкерлерге стипендия тағайындау мерзімі шілде, тамыз және желтоқсан айларында өтеді.
Айта кетейік, биыл республикалық комиссияның шешімімен «Болашақ» бағдарламасына 600 шәкіртақы бөлінген.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Болашақ» бағдарламасының жаңа ережелері таныстырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80535/)