![Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде студенттерді марапаттау рәсімі өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_81049.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде «Konica Minolta» Озат технологиялар оқу-зерттеу зертханасын тәмамдаған алғашқы түлектерді марапаттау рәсімі өтті.
Жиында «Konica Minolta» трансұлттық корпорациясының аймақтық-бизнес өкілдері түлектерге ақыл-кеңестерін айтып, сәт-сапар тіледі.
Аз уақыт ішінде студенттер «Ақпараттық технологиялардың дамуы және оның адам өміріне ықпалы», «Озат технологиялардың академиялық мотивациясы» сынды шеберлік сыныптарына қатысып, қысқа курстар оқыды.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінде студенттерді марапаттау рәсімі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80564/)