![Алматыда Исламдық банкинг пен қаржыландыру саласы бойынша жоғары білікті мамандар даярланады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_81050.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Экономика және қаржыландыру мамандықтары бойынша магистрлікке үміткерлер қос диплом алу мүмкіндігіне ие болады.
Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Малайзияның Тун Абдул Разак университеті арасында меморандумға қол қойылды.
Оның негізінде Исламдық банкинг пен қаржыландыру саласында жоғары білікті мамандар даярланады.
Меморандум аясында шәкірттер қыркүйектен бастап, алғашқы семестрді әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, екінші семестрді Тун Абдул Разак университетінде оқитын болады.
Ал, үшінші семестрді өздерінің қалауы бойынша Қазақстанда немесе Малайзияда оқиды.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Исламдық банкинг пен қаржыландыру саласы бойынша жоғары білікті мамандар даярланады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80565/)