Биыл Өскемен қаласында 1465 түлек үшін соңғы қоңырау соғылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Өскемен қаласында 1465 түлек үшін соңғы қоңырау соғылады

25.05.2015
Биыл Өскемен қаласында 1465 түлек үшін соңғы қоңырау соғылады

Ал, «Үздік аттестатты» 36 оқушы алады. Қимастық пен қуаныш, аңсау мен арман сезімдері араласқан түлектер, осылайша бүгін 11 жылдық межені артқа тастап, шәкірттік сәттің соңғы, ересек өмірдің алғашқы қадамына жолдама алуда.

Жас өрендер өздерінің ұстаздарына алғыстарын айтуда. Ал, мектеп ұжымы оларға алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтіп, қалаған жоғары оқу орындарына түсуге тілек білдіріп жатыр.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу