![Бердібек Сапарбаев Астанадағы №3 мектеп-гимназияның түлектерін құттықтады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_81065.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Олардың 3,5 мыңы ҰБТ тапсыруға ниет білдірген. Елордалық 180 түлек «Алтын белгіге» және 79 бала ерекше аттестат алуға үміткер.
Білім ордаларындағы соңғы қоңырау мерекесіне лауазымды тұлғалар да қатысып, түлектерге сәт-сапар тіледі.
Елордадағы №3 мектеп-гимназиясының салтанатты шарасына барған Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев бітіруші түлектерді құттықтады.
Биылғы оқу жылында №3 мектеп-гимназиясынан 51 түлек қанат қақты. Олардың 49-ы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, бақтарын сынамақ.
Бердібек Сапарбаев бүгінде жастардың сапалы әрі терең білім алуы үшін елімізде барлық жағдай жасалғандығын ерекше атады.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бердібек Сапарбаев Астанадағы №3 мектеп-гимназияның түлектерін құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80580/)