![Петропавл қаласында бүгін 492 түлек ҰБТ тапсырды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_81078.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Петропавл қаласында бүгін 492 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті.
Құзырлы органдар олардың бөгде зат алып кірмеуін және рұқсат етілмеген көмекші құралдарды қолданбауларын бақылауда ұстады.
Ал, сыртта күтіп тұрған ата-аналар үшін арнайы экран қойылып, балаларын көріп отыруларына мүмкіндік жасалды.
Биыл Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 3 733 бала мектеп бітірді. Тестілеуге олардың 2 531-і қатыспақ. 112 оқушы «Алтын белгіге», 51-і үздік аттестатқа үміткер.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавл қаласында бүгін 492 түлек ҰБТ тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80593/)