![Аслан Сәрінжіпов: Тестілеуге түлектердің 70 пайыздан астамы қатысады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_81079.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін еліміздің барлық аймағында ҰБТ өтіп жатыр. Науқан 8 маусымға дейін жалғасады.
Оған республика бойынша 124 мың түлек қатыспақ. Оның 84 мыңы - қазақ тілінде мектеп бітіргендер.
Емтихан ел аумағындағы 165 тестілеу пунктінде өткізіледі.
«Тестілеу пункттері сынақты өткізуге толықтай дайын. Сынаққа түлектердің 70 пайыздан астамы қатысады», - деді БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Аслан Сәрінжіпов: Тестілеуге түлектердің 70 пайыздан астамы қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80594/)