![Байқоңырдағы алты мектеп пен бір балабақша қазақстандық білім беру стандартына көшеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/8/article_81082.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Жаңа оқу жылынан бастап, Байқоңырдағы алты мектеп пен бір балабақша қазақстандық білім беру стандартына көшеді. Осы уақытқа дейін шешімін таппай келе жатқан мәселеге бүгін нүкте қойылды.
Сондай-ақ, жұлдызды қалашықта «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы негізінде салынып, бірақ, пайдалануға берілмей тұрған перзентхана мәселесі де талқыланды.
Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев пен Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозинмен кездесуінде айтылды.
Биыл «Байқоңыр» ғарыш айлағына - 60 жыл. Осыған орай өткен шарада жеткен жетістіктер мен толымды табыстар жөнінде айтылды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Байқоңырдағы алты мектеп пен бір балабақша қазақстандық білім беру стандартына көшеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/80597/)