![Қазақстанда 370 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/6/article_6494.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Биыл Қазақстанда 370 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі хабарлайды.
Елімізде 1 қыркүйек күні 2,8 млн оқушы мектепке барады. Мәліметтер бойынша, олардың 370 мыңы - алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндер.
Қазақстанның барлық орта білім беру мекемелерінде Білім күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Конституция күніне орай салтанатты түрде алғашқы қоңырау ұйымдастырылады, сондай-ақ бірыңғай «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында сабақ өтеді.
Жергілікті атқару органдарының мәліметіне сүйенсек, жаңа оқу жылы қарсаңында есігін ашқалы отырған мектептер саны - 7126. Жаңа оқу жылына дейін 60 жаңа мектеп пайдалануға берілу жоспарланған, ал 2016 жылдың соңына дейін 32 жаңа мектеп берілмек.
Дерек көзі: inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда 370 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81112/)