Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттері Ел егемендігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіз елдің жастары - Ұлы дала тірегі!» атты мерекелік концерт қойды. Аграрлық саланың болашақ кадрлары салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарды жетік меңгергенін аңғартты. Сондай-ақ, тәлімгерлер Тәуелсіздік тарихын баяндайтын сахналық көрініс қойып, жиналғандарға рухани кеш сыйлады.
Нұрлан Асқарұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттері «Тәуелсіз елдің жастары - Ұлы дала тірегі!» атты мерекелік концерт қойды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81148/)