Биыл Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің құрылғанына - 75 жыл.
Айтулы күнге орай, Алматыдағы шетел тілдері мамандарын даярлайтын жоғары оқу орнында салтанатты шара өтті. Жалпы, тарихы терең, тағылымы мол білім ордасының қол жеткізген табысы аз емес. Бүгінде мұнда 5500-ден астам студент 38 мамандық бойынша білім алып жатыр. 14 халықаралық ұйымға мүше университетте «Кембридж сертификациялау» бағдарламасы іске қосылған. Енді Конфуций институты ашылмақшы.
Алмат ӘБДІРАМАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің құрылғанына - 75 жыл&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81224/)