«Мақсаты бірдің – рухы бір». Дәл осындай ұранмен елорда мектептерінде мерекелік шаралар бастау алды. Соның бірі бүгін қаладағы 20-шы мектептің қабырғасында өтті. Ширек ғасырдан астам тарихы бар оқу ордасында бүгінде түрлі ұлт өкілдері бір атаның балаларындай білім алып жүр. Бүгінгі шарада олар ұлттар бірлігін насихаттайтын сахналық көріністер мен ән-жырларын көрермен назарына ұсынды. Түрлі ұлттың ұлттық ойындары мен тағамдары таныстырылды.
Шынар АСАНҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елорда мектептерінде «Мақсаты бірдің – рухы бір» атты мерекелік шара өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81233/)