Жиында Елбасы Жолдауынан туындайтын білім саласындағы басым бағыттар талқыланып, жастар Үндеу жариялады. Одан әрі шара «БІЛІМ ФЕСТ: Ұлт табысы - бәсекеге қабілеттілік» атты оқу жәрмеңкесімен жалғасты. Өңірде электрик, құрылысшы, әр түрлі техника жүргізушісі, слесарь, инженер секілді мамандар тапшы. Жастар міне, осы мамандықтарды меңгеруі керек. Көрме-жәрмеңкеде жоғары оқу орындарымен қатар, кәсіптік-техникалық колледждерде жаңадан ашылған мамандықтар таныстырылды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылордада жастар форумы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81234/)