Астанада үздік мұғалімдер анықталды. Қалалық байқауға елордамыздың барлық білім беру мекемелеріндегі ұстаздар қатысқан. Үздік болуға үміттенгендердің саны 40-қа жуық. Педогогтар сайысы бірнеше кезеңнен түзілген. Соларды еңсерген 8 мұғалім, ақтық сынға шықты. Қатысушылардың жас айырмашылығы мен еңбек өтілі әртүрлі. Олар білім мен білігін және басқа да шеберліктерін сахна төрінде көрсетті. Ал, байқау қорытындысы бойынша бірінші орынға № 50 мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі Ұлболсын Есілбаева ие болды.
Азамат НҰҒЫМАНОВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада үздік мұғалімдер анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81240/)