«Үздік тәлімгер жарқын болашаққа бастайды». Таразда осындай тақырыппен мектепке дейінгі білім беретін ұйым меңгерушілері арасында байқау өтті. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының мамандары ұйымдастырған шараның мақсаты - мектепке дейінгі ұйым басшыларының білім беру жүйесіне қосқан үлесін көрсету мен жаңа әдістемелерді анықтау. 100-ге жуық балабақша меңгерушілері қатысқан шарада тәрбиешілер өз еңбектерін ұсынып, көпшілікке таныстырды. Онда басқару тәжірибесі мен балаларды басқару жүйесіндегі мәселелерді шешудің сауаттылық деңгейі ескеріліп, үздіктер анықталды.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда «Үздік тәлімгер жарқын болашаққа бастайды» атты байқау өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81245/)