Елімізде түлектер мектеп қабырғасындағы емтихандарын аяқтап, қолдарына аттестат ала бастады.
Биыл Алматыдағы Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын 90 оқушы бітіріп, түлеп ұшты. «Ұшырса ұямыз, қалайша қиямыз» атты шарада қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқыған шәкірттердің 21-і «Алтын белгімен», 19-ы «Үздік аттестатпен» тамамдады. Жаңа үлгі бойынша мектептегі емтихандардан сәтті өткен түлектер енді ҰБТ-ға дайындалып жатыр.
Амангелді СЕЙТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде түлектер мектеп аттестаттарын ала бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81256/)