Қазір Оңтүстік өңірлік қолбасшылығына қарасты Алматыдағы 55/71 әскери бөлімінде де 1500 сарбаз оқу-жаттығудан өтіп жатыр. Олар жауынгерлік-әзірлік жоспарына сәйкес, қыс мезгіліне дейін түрлі әдіс-тәсіл-саптық сынақтарға қатысады. Жаңа атыс қаруларымен танысып, әскери техникаларды қолданып көреді. Сондай-ақ, бөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлік әзірлігін пысықтау үшін әскери қызметкерлердің білімі мен дағдылары да тексеріледі.
Амангелді СЕЙІТХАН
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің Ұлттық Ұлан сарбаздары 2017 жылғы әскери оқытудың жазғы кезеңін бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81274/)