Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына сынақ тапсыру жалғасып жатыр. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша 132 грант бөлінген. Оның 120-сы магистратура, 12-сі докторантурада тегін білім алуға мүмкіндік береді. Сонда, бір орынға 3 адамнан келіп тұр. Үміткерлер бұған дейін, шет тілінен емтихан тапсырған. Соңғы шешуші кезеңде комиссия мүшелерінің алдында сан-саланы қамтыған сұрақтарға жауап береді. Заң бойынша мемлекеттік қызметте 3 жыл өтілі бар кез келген адам бағын сынап көруіне жол ашық. Әрине, оқимын деген адамның шет тілін білуі шарт. Сондай-ақ, Ауғанстан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан азаматтарына 10 орын бөлініп отыр.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекеттік басқару академиясына биыл 132 грант бөлінген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81293/)