Жаңа оқу жылы қарсаңында Астана қалалық Әкімшілік полиция басқармасы да мектеп автобустарының техникалық дайындығын тексерді. Оқушыларды тасымалдайтын көліктер заманауи техникамен жабдықталған. Тіпті, ата-аналар автобустың бағдарын, келу уақытын арнайы жүйе арқылы қадағалай алады. Тасымалмен айналысатын жеке компаниялардың талаптары да қатаң. Жүргізушінің жасы кем дегенде 25-тен жоғары болуы шарт. Сондай-ақ, тәжірибесі де ескеріледі. Жалпы, автобус қызметінің бағасы жыл сайын өзгеріп тұрады. Биыл бұл қызмет ақысы 30 мың теңге деп бекітіліпті.
Елдос САПАРҒАЛИ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада мектеп автобустарының дайындығы тексерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81304/)