Мақсатымыз мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңітіп, қазақ тілінің мәртебесін асқақтату. «Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасының ашылу салтанатында сөз алған «Білім-инновация» Халықаралық қоғамдық қорының өкілдері осылай деді. Тоғызыншы мәрте өткен білім сайысына еліміздің түкпір-түкпірінен 5 мыңнан астам оқушы қатысты. Қатысушылар екі топта жарысты. Біріншісі қазақтілді мектеп оқушылары болса, екіншісінде өзге этнос өкілдері өзара мықтыны анықтады. Жеңімпаздарға білім гранттары табысталады. Биылдың өзінде 20-дан астам оқушы жоғары оқу орнында тегін оқуға мүмкіндік беретін грантты қанжығасына байлап қайтты. Келешекте бұл олимпиаданың аясы кеңейіп, халықаралық деңгейге жетеді деген жоспар бар. Алыс-жуықтан келген оқушылар жарыстан соң Астананың көрікті орындарын аралап көрді.
Нұрбол Төлебаев, «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қорының вице-президенті:
- Жыл сайын ЖОО жеңімпаздарға грант беріп отыр. Олардың ішінде СДУ, Атырау Х.Досмұхамедов университеті 2 грант, Тараз университеті 2 грант бөліп отыр. Бұл балаларға үлкен көмек. Үлкен қолдау.
Ғабит БӨКЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Жарқын болашақ» республикалық олимпиадасына 5 мыңнан астам оқушы қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81459/)