Биыл «Бес әлеуметтік бастама» аясында гранттар саны 20 мыңға ұлғайды. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға, атап айтқанда, ақпараттық технологиялар, робототехника және нано-технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға бағытталды. 5 мыңы - еңбек нарығына қажет өзге де мамандықтарға, 3 мыңы - магистрлерді, 1 мыңы PhD докторларын даярлауға бөлінді. Осылайша, жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 53 594 грантқа дейін жетті. Қорыта айтқанда, 24 737 грант - техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтарына, 9 499-ы - педагогикалық, 2 785-і - ауыл шаруашылығы және ветеринария, 2 700 – медицина, 1 450 - гуманитарлық ғылымдарға және тағы да басқа әлеуметтік мамандықтарға бағытталған.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81530/)