![Елімізде табиғатты ластамайтын коммуналдық-шаруашылық құбырлар пайда болуы мүмкін](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_75908.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Мұндай озық технологияны австриялық мамандар ұсынып отыр. Қазақстандық және австриялық бизнес өкілдерінің қатысуымен өткен жиын барысында екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдары қарастырылды.
Мамандар көлік-логистика, машина жасау, мұнай-газ, энергетика, құрылыс, медицина саласы мен тағам өнеркәсібіне бірлескен жобаларды талқылады. Сондай-ақ, біріккен іскерлік кеңес барысында сауда және инвестициялық әріптестікті нығайту керектігі туралы айтылды.
Ләззат БЕКТАС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде табиғатты ластамайтын коммуналдық-шаруашылық құбырлар пайда болуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/8172/)