Қызылордада «Назарбаев: Болашақ бүгіннен басталады» атты конференция өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада «Назарбаев: Болашақ бүгіннен басталады» атты конференция өтуде

09.04.2019

Бүгін Қызылордада «Назарбаев: болашақ бүгіннен басталады» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтіп жатыр.  Қазақстанның жетістіктері - Нұрсұлтан Назарбаевтың жетістігі. Елбасы жастарға ерекше мән берді. Олардың тегін, сапалы білім алуын қамтамасыз етті, қоғамда белсенді жұмыс істеуіне мүмкіндік жасады. Конференция барысында сарапшылар, ғалымдар, студенттер  еліміздегі жастар саясатының саяси, тарихи, экономикалық, философиялық және мәдени-әлеуметтік мәселелерін жан-жақты талқылауда.

Желев Паскаль, конференцияға қатысушы (Болгария):  

Мен бүгін «Болгария мен Қазақстанның  жастар саясатын  салыстырмалы талдау» тақырыбында баяндама жасаймын. Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағанын білемін. Жастардың өмір сапасын жақсартуға, қоғамдағы рөлін арттыруға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мән берілуде. Бұл - өте керемет бастама. Бүгінгі конференцияда жастар мәселелері жан-жақты талқыланады деп ойлаймын.

Паул Абита, конференцияға қатысушы (Кения):  

Қазақстан мен Кения арасындағы байланысты қарасам, біздің Қазақстаннан аларымыз көп. Білім беру сапасы ұнайды. Мен тіпті болашақта осында түбегейлі көшіп келгім келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  елдің болашағы жастар деп, қай кезде де оларға  басымдық  берді. Өзім Назарбаев зияткерлік мектебінде дәріс беремін, оқушылардың сапалы білім алуы үшін жасалған жағдайға тәнті болдым.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу