Таразда білім беру саласының басшыларына арналған әдістемелік күндер өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда білім беру саласының басшыларына арналған әдістемелік күндер өтуде

08.05.2019

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы ұйымдастырған шарада білім беру мазмұнын жаңартуға арналған әдістемелер жан-жақты зерделенді. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында өткен жиынға 400-ге жуық педагогика саласының қызметкерлері қатысты.

Диалог алаңдарының жұмысын Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Шымкент және Тараз қалаларының таңдаулы ұстаздары жүргізді. Мамандардың айтуынша, еліміздің білім саласында оң өзгерістердің қалыптасуы педагогтардың еңбегімен тікелей байланысты. Ол үшін мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету өте маңызды болмақ.

Гүлнар Балғабаева, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы тәжірибесін тарату департаментінің директоры:

- Біздің зияткерлік мектептердің мұғалімдері сол шалғайдағы мектептерге барып, мұғалімдердің сабақтарына кіріп, тағы да бір кеңестерін беріп, ресурстарды қалай пайдалану керек екенін, қайдан алу керек екенін өздерімен алып келіп таратуда. Теориялық білімді біздің курстан алғаннан кейін, оның тәжірибе жүзінде қалай ендіріп жатыр, қандай қиыншылықтары бар, сол кәсіби қиыншылықтарда туындайтын сұрақтарға біз жауапты беруге тырысамыз.

 Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу