Тұңғыш Президент-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінен кезекті офицерлер легі түлеп шықты. Осылайша, 150-ден астам магистрант еліміздің Қарулы күштер корпусы, әскери құрама және Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қатарын толықтырды. Үздік түлектерге дипломды Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев табыстады.
Ұлттық қорғаныс универсиеті - Орталық Азиядағы ірі әскери оқу орны және ведомствоаралық оқу-әдістемелік орталығы саналады. Бүгінге дейін мұнда шұғыл-тактикалық әрі шұғыл-стратегиялық басқару бағытында 1,5 мыңнан астам әскери маманның білімі шыңдалған. Бұл дегеніміз - 50 ғылыми-педагогикалық кадр. Оның ішінде 6 ғылым докторы, 23 ғылым кандидаты, тағы соншама PHD докторы бар.
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық қорғаныс университетінен кезекті офицерлер легі түлеп шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81809/)