Еліміздің түкпір-түкпірінен 700-ден астам оқушы Елордаға келді. 9-шы сыныптың озаттары «IQanat» республикалық ауылдық мектеп оқушыларының слетіне қатысып жатыр. Барлығы аудандық кезең жеңімпаздары. Олар математика, физика, ағылшын тілі және эссе жазудан сынға түсуде. Жалпы 2018-2019 оқу жылының басынан бері жоба 5 мың ауыл мектебінің 30 мыңнан астам жетекшісін қамтып үлгерді. Қолдаушысы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры. Қор 100 оқу грантының иегерлерін анықтап жатыр. Сондай-ақ талапты жастардың басын қосатын қазақ-ағылшын жоғары мектебі ашылады.
Арсен Байтуков, «IQanat білім беру қорының» даму жөніндегі директоры:
Аружан Орынбасар, «IQanat білім беру қорының» республикалық олимпиадасы аудандық кезеңінің жеңімпазы /Қызылорда/:
Нысаналы ЫҒЫЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елбасы қорының қолдауымен қазақ-ағылшын мектебі ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81814/)