![Қарағандыдағы жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76471.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағандыдағы облыстық жедел жәрдем станциясына тағы жеті көлік жеткізілді. Заманауи қондырғылармен жабдықталған әмбебап әр көліктің құны - 13 миллион теңге. Қаражат республикалық қазынадан бөлінген.
Бұған қоса Қарқаралы, Бұқар Жырау аудандары мен Теміртау, Балқаш қалаларына да бір көліктен берілді. Қазір тұрғындар арасында жүрек-қантамырлары аурулары жиі кездеседі. Өкінішке қарай, кейде ауруханаға жетпей қайтыс болып кететіндер де бар, - дейді дәрігерлер.
Жаңа көлік жүрек талмасы ұстаған немесе қан қысымы көтерілген жандарға алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуге мүмкіндік бермекші.
Роза Оразбаева, Ішкі аудит қызметінің сарапшы дәрігері:
Электрокардиограф, дефибриллятор, аксилог, кислород беретін ингалятор, тағы сол секілді көптеген аппараттар сапалы, жоғары деңгейде медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыдағы жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81862/)