![Астанада болашақ дәрігерлер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76547.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада болашақ дәрігерлер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті. Шараға Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының денсаулық сақтау басқармаларына қарасты 78 мекеменің бас дәрігерлері қатысты.
Олар резиденттер мен интерндерді еліміздің түкпір-түкпіріне қызмет етуге шақырды. Мамандардың айтуынша, кей облыстарда дәрігерлер тапшы. Мәселен, бір ғана Астана қаласына – 349, Ақмола облысына – 244, Солтүстік Қазақстан облысына – 220, Ал, Қостанай облысына – 260 дәрігер жетіспейді.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада болашақ дәрігерлер үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/81938/)