![Қауіпті індеттен сақ болуға шақырады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76589.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі қазақстандықтарды «Эбола» безгегінің өршуіне байланысты Африкаға сапарға шыққанда сақ болуға шақырады. Африкада бұл індет 670 адамның өмірін қиып кетті.
Гвинея, Либерия және Сьерре-Леоне денсаулық сақтау министрліктерінің ақпараты бойынша безгектің тіркелуінің жаңа оқиғалары жалғасуда.
«Қазақстан Республикасы халқының санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету мақсатында агенттік шетелдік сапарларды жоспарлауда осы ақпаратты ескеруді ұсынады», делінген хабарламада.
«Эбола» қанды безгегі – ауыр вирустық жұқпалы індет. Ол сирек кездескенімен, өте қауіпті клиникалық жағдайда науқастың 50-90 пайызын өлімге ұшыратады. Инкубациялық кезеңі 2 күннен 21 күнге дейін созылады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қауіпті індеттен сақ болуға шақырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82020/)