![Елімізде психолог мамандар тапшы](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_76605.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда жалақының аздығына байланысты психолог мамандар тапшы. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазір республика бойынша бар-жоғы үш жарым мыңдай ғана психолог маманы бар. Астанада басталған психолог мамандардың IV съезінде осындай өзекті мәселе көтерілді.
Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен келген психотерапевттер мен наркологтар қатысты. Басқосу барысында психология саласындағы кадр даярлау мен алғашқы медициналық көмекке психикалық денсаулық қызметін ықпалдастыру жайы талқыланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде психолог мамандар тапшы&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/82036/)